Инватакси қызметіне 112 мыңнан астам тапсырыс берілді
2026 жылдың басынан бері Астана мен Алматы қалаларында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметі 112,6 мың рет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында айтылды. Ақпан айында ғана қызметке 35,4 мың тапсырыс түскен, деп хабарлайды ZontNews.kz.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 489,8 мың рет пайдаланған. Бұған дейін әр сапарға бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет болғандықтан, қызмет қолжетімсіз және ыңғайсыз еді: көлікті ұзақ күтуге тура келетін, сапарларды алдын ала жоспарлау қиын болатын, ал мамандандырылған көлік саны шектеулі болды.
Қызметті ыңғайлы әрі жылдам ету мақсатында министрлік Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп такси агрегаторларын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жобаны «Яндекс» қолдап, комиссия алмай қатысуда. Бұл мүгедектігі бар жолаушыларға сапар ақысын толық төлеуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба аясында жолаушылар жеңіл автокөліктерге тапсырысты Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Қосымша арқылы көлікті жедел таңдау, тапсырыс мәртебесін онлайн бақылау және жасалған сапарларды қадағалау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жолаушылар жүргізушіні сапар барысындағы қажеттіліктері туралы алдын ала хабардар ете алады. Жүргізушілерге де мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсету бойынша арнайы нұсқаулар беріледі.
Министрлік жобаның 2026 жылы да пилоттық режимде жалғасатынын атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз