Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026 г.

$ 447.65
513.32
5.32
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      16°C
Ру

БҚО тұрғыны студент ұлына ай сайын 40 мың теңге төлейтін болды

Фото көзі: : ЖИ
ZontNews.kz
Қыр. 21, 2026, 5:26 Т.Қ.

Батыс Қазақстан облысында колледж студентінің әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіру туралы талап арызы қаралды, деп хабарлайды ZontNews.kz. соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап қоюшы колледждің күндізгі бөлімінде білім алып жатқанын айтып, оқуын аяқтағанға дейін әкесінен алимент өндіріп беруді сұраған.

Істі қарауға дейін судья тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін түсіндірді. Нәтижесінде әкесі мен ұлы татуласу келісімін жасап, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.

Келісімге сәйкес, әкесі 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2027 жылғы 25 маусымға дейін ұлына ай сайын 40 мың теңге төлейтін болды. Бұдан кейін талап қоюшы арызынан бас тартқан.

Сот татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз