Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      14°C
Ру

Еркебұлан Тоқтарға айыппұл салынды

Фото көзі: https://www.instagram.com/erkebulan_toktar/
ZontNews.kz
Қыр. 11, 2026, 11:18 Т.Ж.

Танымал ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ведомство мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіден спортшының балағат сөз айтқан видеосын анықтаған.

Материалды Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы - «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 20 АЕК, яғни 2026 жылы 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматы прокуратурасы танымал адамның да заң алдындағы жауапкершіліктен босатылмайтынын атап өтті.

Еркебұлан Тоқтар - актер және ММА файтері. Ол ұзақ уақыт поп-ММА жарыстарына қатысып, кейін кәсіпқой ММА-ге ауысқан. Қазіргі рекорды - 11-3.

2025 жылдың желтоқсанында спортшы бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз