Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    20°C
    • Астана
      23°C
Ру

Әбенов Молдаханның ұсталуына қатысты: «Заңды негіз бар»

Фото көзі: Коллаж: Tizgin.kz
ZontNews.kz
Сәуір 1, 2026, 1:22 Т.Қ.
0
24

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов заңгер әрі блогер Әділет Молдаханның ұсталуына қатысты пікір білдіріп, бұл іске заңды негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Депутаттың сөзінше, ол іске араласа алмайды және ешқандай көмек көрсете алмайды. Алайда қолындағы мәліметтерге сүйене отырып, ұсталу заң аясында жүргізілгенін жеткізді.

– Көмектеспеймін. Көмектесе алмаймын. Араласуға құқығым жоқ. Менде бар ақпарат бойынша заңды негіз бар. Бірақ оны жариялауға құқығым жоқ. Заңсыз ұсталды деген ақпарат менде жоқ, – деді Әбенов.

Сонымен қатар ол Әділет Молдаханды жеке танымайтынын және оның бұрынғы қызметі туралы хабарсыз екенін атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін бұл мәліметті Алматы қалалық полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, азаматқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Әділет Молдахан – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Ол әлеуметтік желілерде белсенді, Instagram парақшасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған. Жақында ол Алматыда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын талдап, қоғам назарын аударған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз