Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды: Алматыда мерейтойлық кездесу өтті
Олжас Сүлейменов-тің 90 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында салтанатты кездесу өтті. Мемлекет басшысының атынан қала әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткерін мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz. әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Олжас Омарұлының қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойдың дамуына қосқан зор үлесі ерекше аталып өтті. Әсіресе оның антиядролық қозғалысты дамытудағы еңбегі жоғары бағаланды.
Олжас Сүлейменов қазақ поэзиясына жаңа көркемдік серпін беріп, әдебиеттің көкжиегін кеңейткен тұлға ретінде сипатталды. Сондай-ақ оның бастамасымен құрылған «Невада–Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы жаһандық күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал еткені айтылды.
Кездесу соңында қала әкімі қаламгерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз