Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Генадий Головкин даңқ залына енді

Фото көзі: ашық дереккөздерден
Қаһар Бинахметов
Жел. 5, 2025, 9:31 Т.Ж.
0
7

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокстың Даңқ залына енеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Даңқ залының ресми сайты бұл жаңалықты жариялады. АҚШ-тағы музей мен даңқ залға жыл сайын кәсіпқой бокста жетістікке жеткен үш спортшы енгізіледі. Головкин бұл құрметке ие болатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.

Әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен Головкин кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жеткен, оның 37-сі нокаутпен аяқталған. 2024 жылдан бері ол Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін басқарады және қазіргі уақытта World Boxing ұйымына жетекшілік етеді.

Халықаралық бокстың Даңқ залында Мұхаммед Али, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Оскар Де Ла Хойя, Леннокс Льюис және Мэнни Пакьяо сияқты легендарлық боксшылар бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз