Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі атанды

Фото көзі: IG/ @dimash.kudaybergenov
Қаһар Бинахметов
Жел. 9, 2025, 10:07 Т.Ж.
0
12

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл шешім Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымының жыл сайынғы жиынында қабылданды.

Әншінің ресми сайтында бұл тағайындау ұйыммен ұзақ уақыт жалғасқан ынтымақтастықтың нәтижесі екені айтылды. 2024 жылы Димаш аймақтық елші ретінде мигранттардың жағдайын көтеріп, олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған бастамаларға қатысқан. Қайырымдылық жобаларына да тұрақты түрде атсалысып отырған.

Ұйымның мәліметінше, 2025 жылы Димашпен бірге бірнеше жаңа жоба басталған. Рамазан айында өткен арнайы жиында ол тыңдармандарына мейірім мен жанашырлық туралы үндеу жолдаған. Сонымен қатар адам саудасына қарсы күрестің маңызын және осал топтарды қорғаудың қажеттігін қоғамға еске салды.

Stranger әлемдік туры кезінде әнші концерттерінде бірлік пен қамқорлықты алға тартып, көрермендерді ұйымның гуманитарлық жұмысына қолдау көрсетуге шақырды. Тур барысында ол 100 мыңнан астам адамға үн қатып, ұйым қызметіне қатысты ақпараттың кеңінен таралуына ықпал етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз