Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі күдікті зат салынған дронды анықтады

Фото көзі: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы
Zontnews.kz
Қыр. 17, 2026, 5:35 Т.Қ.

Атырау қаласында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі жерден ұшқышсыз ұшу аппаратын тапты. Дронның жанында орама болған, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сағат 08:30 шамасында лейтенант Мирас Ысқазиев Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі №15-тен шамамен бір шақырым жерде жатқан дронды байқаған.

Ораманы тексеру барысында ішінде жасыл түсті, өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар зат салынған 11 пакет болғаны анықталды.

Әскери қызметші табылған зат туралы дереу кезекші қызметке хабарлаған. Оқиға орнында қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданып, кейінгі жұмыстар құзырлы органдарға тапсырылды.

Әскери қызметшінің қырағылығының арқасында күдікті зат дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз