Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Жетісуда машинист төрт жасар баланы құтқарды

Фото көзі: : Видеодан кадр
ZontNews.kz
Қыр. 21, 2026, 2:22 Т.Қ.

Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңындағы жазық далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, құрамды тоқтатты. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ZontNews.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе теміржол учаскесіндегі Тауарасы – Айнабұлақ аралығында болған.

Сағатына 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыздың машинисі Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз бет алған баланы көрген. Ол қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатқаннан кейін баланы локомотив кабинасына мінгізген.

Машинист болған жағдай туралы диспетчерге хабарлады. Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылып, қызметкер оның ата-анасымен байланысқа шыққан.

Төрт жасар баланың теміржол бойындағы далада қалай жалғыз қалғаны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз