Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    20°C
    • Астана
      23°C
Ру

Пікір үшін 500 мың: Алагөзовтердің зәулім үйі желіні шулатты

Фото көзі: : әлеуметтік желіден
ZontNews.kz
Сәуір 6, 2026, 9:26 Т.Ж.
0
22

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызы тұратын зәулім үй көпшіліктің қызу талқысына айналды. Бұл үй Бейбіт Әлібеков жүргізетін «По домам» YouTube жобасының кезекті шығарылымында көрсетілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жоба барысында ең үздік пікір қалдырған көрерменге 500 мың теңге немесе брендтік сөмке сыйға тартылатыны айтылып, желі қолданушылары белсенді түрде пікір жаза бастады.

Алматы маңындағы таулы аймақта орналасқан вилланың аумағы 4 гектардан асады, ал үйдің өзі 2 мың шаршы метрден үлкен. Ішкі әрлеуінде мәрмәр, қымбат жиһаздар мен әлемдік брендтердің өнімдері пайдаланылған. Кең гардероб бөлмелерінде Louis Vuitton, Hermès және Swarovski сынды танымал маркалардың бұйымдары сақталған.

Үй ішінде бассейн, фитнес залы және үй жануарларына арналған арнайы бөлме бар. Аулада заманауи үлгіде жасалған сегіз қанатты киіз үй орнатылған. Ол ұлттық нақышта безендіріліп, қонақ қабылдауға лайықталған. Бұл идея продюсердің өтінішімен бір ай ішінде жүзеге асқан.

«Мұның бәрін әйелім үшін жасадым», – дейді кәсіпкер.

Шығарылым қысқа уақыт ішінде 550 мыңға жуық қаралым жинап, 13 мыңнан астам пікір жазылған. Көпшілік жұптың бір-біріне деген сыйластығы мен қарым-қатынасына ерекше назар аударған.

Желі қолданушыларының пікірінше, бұл видеода ең бастысы – үйдің сән-салтанаты емес, отбасы ішіндегі жылулық пен үйлесім. Кейбірі тіпті осындай видеодан кейін өз үйлерін қарапайым көріне бастағанын да жасырмаған.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз