Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Қазақстанның инвестициялық қоры 724 млн теңге шығынға батты

Фото көзі: : Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
ZontNews.kz
Мамыр 13, 2026, 4:08 Т.Қ.

Қазақстанның инвестициялық қоры 2025 жылды 724 миллион теңге шығынмен аяқтады. Қордың операциялық табысы әкімшілік шығындарын жабуға жетпеген, деп хабарлайды ZontNews.kz. Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Қордың аудиттелген есебіне сәйкес, пайыздық кіріс, активтерді сату және өзге операциялардан түскен жалпы табыс 878,6 миллион теңгені құраған. Алайда осы кезеңде ортақ және әкімшілік шығындар 1,19 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұған активтердің құнсыздануынан келген 428 миллион теңге шығын қосылған.

Нәтижесінде қордың жинақталған шығыны 63 миллиард теңгеге жуықтаған. Басылым мәліметінше, қаражаттың едәуір бөлігі жалақы, салық, проблемалық активтерді күзету, резервтер мен іссапар шығындарына жұмсалған.

Әсіресе сатылмай тұрған проблемалық активтерді ұстау қор үшін үлкен шығынға айналып отыр. Қазіргі таңда сатуға қойылған ұзақ мерзімді активтердің жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады. Олардың қатарында Textiles.kz, ACIG және Семей былғары-тері комбинатының мүліктері бар.

Айта кетейік, Қазақстанның инвестициялық қоры 2023 жылы жекеменшік компанияға сатылғанымен, арада 11 ай өткен соң қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз