«Байтақ» көшбасшысы Ресейге кіргізілмей қайтарылды – сарапшылар пікір білдірді
Қазақстандық саясаткер, Азаматхан Әміртай Ресейге еш түсіндірмесіз кері қайтарылды. Бұл жағдайға қатысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдіріп, мұны жай кедендік оқиға емес, елдер арасындағы саяси қатынастардың көрінісі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, Азаматхан Әміртай радикалды көзқарастағы тұлға емес, ресми тіркелген партия жетекшісі және экология тақырыбындағы жиынға қатысу үшін барған.
Оның мәліметінше, саясаткер Ресейдегі бірқатар іс-шараларға шақырылғанымен, әуежайда бірнеше кезеңдік тексерулерден кейін оған елге кіруге рұқсат берілмеген. Нақты себептері ресми түрде түсіндірілмеген.
Азаматхан Әміртай өз кезегінде ешқандай заң бұзбағанын және ресми шақырумен барғанын атап өтіп, мұндай жағдайлар халықтар арасындағы диалогқа кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ол бұл оқиға бойынша ресми түсініктеме қажет екенін және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық «көпір салу» арқылы дамуы тиіс екенін жеткізді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз