Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      22°C
Ру

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы қаржылай қолдау көрсетпек

Фото көзі: : әлеуметтік желіден
ZontNews.kz
Сәуір 29, 2026, 11:35 Т.Ж.
0
10

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қазақ өнерінің көрнекті өкілі Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Продюсер бұл шешімін әлеуметтік желіде жариялап, актрисаның Қыз Жібек фильміндегі рөлін ерекше атап өтті. Ол жариялаған видеода өнер иесіне алғыс айтып, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, актрисаға арнайы сыйлық ретінде тон табыстады.

Баян Алагөзова өнер саласында еңбек еткен көптеген тұлғалар уақыт өте назардан тыс қалып жататынын айтып, осы мәселені көтерді. Осыған байланысты ол меценаттарды ел мәдениетіне үлес қосқан әртістерді қолдауға шақырды.

Продюсердің айтуынша, Меруерт Өтекешова – қазақ қыздарының символына айналған тұлға. Ол актрисаны келесі жылы өтетін Қазақ Аруы байқауына құрметті қонақ ретінде шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз