Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    19°C
    • Астана
      12°C
Ру

Джеки Чан Алматыға келді: «Доспехи бога 4» фильмінің түсірілімі басталды

Фото көзі: : Мәдениет және ақпарат министрлігі
ZontNews.kz
Шілде 10, 2026, 10:10 Т.Ж.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Алматыға келіп, Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога 4: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсіріліміне қатысты. Бұған дейін картинаның бір бөлігі Маңғыстау облысында түсірілген, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Алматыда актердің қатысуымен фильмнің түсірілімін ресми бастау рәсімі өтті. Іс-шараға премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және киноиндустрия өкілдері қатысты.

Аида Балаева Джеки Чанға Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Сапар аясында әйгілі актер Алматының жас суретшілерімен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас кинематографистерімен кездесті. Ол жастарға шығармашылық табыс тілеп, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен үздіксіз ізденістің маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар актерге өз қолдарымен салған портреттерін сыйға тартты.

Министрліктің хабарлауынша, жоба Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың China Film Group Corporation мемлекеттік кинокомпаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Фильмді қазақстандық және гонконгтық компаниялар бірлесіп түсіруде.

Түсірілім жұмыстары 2026 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Фильм халықаралық прокатқа шығарылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз