Роналду мансабын аяқтайтын уақытын айтты
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду кәсіби мансабының аяқталатын кезеңі жақындағанын мәлімдеді. Ол биылғы маусым футболдағы соңғы жылы болуы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Vogue басылымына берген сұхбатында Роналду 25 жылға созылған мансабын жоғары деңгейде қорытындылап, футболда жарқын із қалдырғысы келетінін жеткізді.
Футболшы ұзақ жылдар бойы спорт үшін көп нәрседен бас тартуға тура келгенін атап өтті. Сондықтан мансабын аяқтағаннан кейін уақытын отбасына көбірек арнауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Роналду футболдан кейін саяхаттап, демалысқа және сүйікті істеріне ден қоймақ. Әсіресе падел ойынына қызығатынын айтып, қол жеткізген жетістіктерінің қызығын көргісі келетінін жеткізді.
Айта кетейік, «Әл-Наср» капитаны маусымның алғашқы кездесуіне қатысатын футболшылар қатарына енбеді. Роналду матчты ұлымен бірге трибунадан тамашалады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз