Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Венгрия премьер-министрі Петер Мадьярға мереке кезінде шарап шашты

Фото көзі: facebook/peter.magyar.102
ZontNews.kz
Қыр. 21, 2026, 11:23 Т.Ж.

Венгрияның Сексард қаласында өткен өнім жинау мерекесінде белгісіз ер адам премьер-министр Петер Мадьярға шарап шашып жіберді, деп хабарлайды ZontNews.kz. TCH басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосын саясаткер Facebook парақшасында жариялады. Печ қаласынан қайтып келе жатқан Мадьяр жергілікті тұрғындардың шақыруымен Szekszárdi Szüreti Napok мерекесіне барған. Ол жиналғандармен әңгімелесіп, суретке түсіп жүрген кезде көпшілік арасындағы ер адамдардың бірі бокалдағы шарапты оған қарай шашқан.

Күзет қызметкерлері ер адамды бірден алып кетті. Ал премьер-министр мерекеге қатысушылармен әңгімесін жалғастыра берген.

Мадьяр шабуыл жасаған адамның өзіне жақындауға батылы жетпегенін айтып, жақсы шараптың босқа төгілгенін әзілмен жеткізді.

«Орбанның бұрынғы жақтастарының бірі мас болып, батырсынған. Жұрттың көңілді отырғаны және біздің жүздеген адаммен сөйлесіп, бірге суретке түскеніміз оның шамына тиген сияқты. Алайда ол маған жақындап, бетіме тіке қарауға батылы жетпеді», – деп жазды Мадьяр.

Бұл Петер Мадьярға жасалған алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін Будапешттегі Батыс вокзалының маңында брифингке бара жатқан кезде оған біреу түкірген. Сол жолы саясаткер оқиғаға сабырмен қарап, Венгрияны қауіпті ел деп санамайтынын айтқан еді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз