«Сыншылар таңдауы – 2026»: кинопремия номинанттары жарияланды
Қазақстан кинокритиктері қауымдастығы «Сыншылар таңдауы – 2026» атты жыл сайынғы ұлттық кинопремияның номинанттарын жариялады. Жеңімпаздар жақын уақытта анықталады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
«Үздік драма фильмі» аталымында «Әбіл», «Болмаған балалық шақ», «Папа умер в субботу», «Победителей видно на старте» және «Эвакуация» фильмдері ұсынылды.
«Үздік жанрлық фильм» номинациясында «Ауру», «Әкеңнің баласы», «Бақыт құшағында», «Qaitadan» және «Sasyq» бақ сынайды. «Үздік режиссер» атағына Айдын Сахаман, Елзат Ескендір, Жаннат Алшанова, Зака Абдрахманова және Фархат Шарипов үміткер.
Сценарий авторлары арасында Ефрат Шарипов, Акберен Елгезек, Полина Легостаева, Светлана Черникова, Ардак Касымбек, Думан Еркимбек және Асылбек Еркимбек бар. Операторлық жұмыс бойынша Багдат Аргинов, Иоланта Дылевска, Азамат Жанабеков, Каролин Шампотье және Александр Плотников аталды.
Актерлік номинацияларда Гузель Жан, Дарига Бадыкова, Дильназ Құрманғали, Лаура Турсунканова, Тамирис Жангазинова, Аян Өтепберген, Еркебулан Дайыров, Ерлан Толеутай, Жасулан Копберген және Шәкәрім Мақсатұлы бар.
Премия аясында қосалқы рөлдер, үздік актерлік құрам, дебют, музыка және ән номинациялары да қамтылған. Музыка аталымында Султанали Коныратбай, Ушкын Жамалбек, Абай Акбаев, Эмиль Сана және Шырын Базаркулова ұсынылған.
Қауымдастық 2015 жылдан бері жұмыс істейді және 2024 жылы FIPRESCI құрамына енді. Ұйым президенті – Гульнара Абикеева. Құрамында 27 кинокритик бар.
Премияның ақпараттық серіктесі – Kinomania.kz.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз