АҚШ-тың грин-картасы: жаңа талаптар мен маңызды кеңестер
Америка Құрама Штаттарына бару – көптеген қазақстандықтардың арманы. Алайда бұл елге көшу және тұрақты тұруға рұқсат алу оңай емес. Соның бірі – грин-карта бағдарламасы. Orda.kz тілшісі осы бағыттағы өзгерістер мен талаптар туралы эксперт Назерке Қайратқызынан сұхбат алды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Эксперттің айтуынша, соңғы уақытта грин-карта рәсімдеу талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілген. Қазір құжат тапсыру кезінде міндетті түрде scan нұсқасы қажет. Сонымен қатар, үміткердің жынысы мен туған күні нақты көрсетілуі тиіс. Бұрын бұл деректер кей жағдайда толтырылмайтын.
Маңызды талаптардың бірі – фото. Сурет ресми талаптарға сай, анық әрі сапалы болуы керек. Сондықтан арнайы фотосалондарда түсірілген дұрыс. Сондай-ақ барлық құжаттар қатесіз толтырылып, отбасы мүшелерінің барлығы көрсетілуі қажет. Бұрынғы некеден туған балалар болса да, оларды міндетті түрде көрсету керек.
Көп жағдайда үміткерлер дәл осы талаптардан қателік жібереді. Мысалы, туу туралы куәліктегі туған жер атауы өзгерсе, қазіргі ресми атауы жазылуы тиіс.
Грин-карта лотереясына өтініш беру әдетте қазан-қараша айларында жүргізіледі, ал нәтижелері мамыр айында жарияланады. Одан кейін жеңімпаздар кезең-кезеңімен сұхбатқа шақырылады.
Эксперттің сөзінше, грин-карта – АҚШ-та заңды түрде тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құжат. Алайда оның иелері елдегі сайлауға қатысып, дауыс бере алмайды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз