Ерлігімен мәңгі қалған Әлия
15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген қыз Әлия Молдағұлованың туған күні. Биыл қазақтың қаһарман қызының туғанына 101 жыл толды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға аттанып, ерлігімен ел жадында қалды. Ол 1944 жылы Псков облысындағы шайқаста ерекше батырлық көрсетіп, небәрі 18 жасында қаза тапты.
Тарихи деректер бойынша, Әлия майданда жаудың 78 сарбазы мен офицерінің көзін жойған. Көрсеткен ерлігі үшін оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» медалі мен Ленин ордені тапсырылды.
Бүгінде батыр қыздың есімі көшелерге, мектептерге беріліп, еліміздің түрлі өңірлерінде ескерткіштер орнатылған. Ақтөбе облысында және оның туған жері Қобда ауданында Әлия Молдағұловаға арналған музейлер жұмыс істейді.
Қазақтың қайсар қызының ерлігі мен отансүйгіштік рухы ұрпақ жадында мәңгі сақталып келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз