Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт береді
Америкалық рэпер және продюсер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізеді. Оның шоуы 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Freedom Ticketon-ға сілтеме жасап.
Билеттер сатылымы 20 шілде күні сағат 12:00-де басталады. Алғашқы екі күнде билеттер тек Freedom SuperApp қолданушылары үшін қолжетімді болады, олардың саны шектеулі. 22 шілде сағат 12:00-ден бастап билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы жалпы тәртіппен сатып алуға болады.
Билеттердің бастапқы бағасы 120 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, Орталық стадионды қайта жаңарту жоспарланған. Бұған дейін жөндеу жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетіні хабарланған болатын. Қазіргі уақытта стадион 23 мың көрерменге арналған, ал реконструкциядан кейін сыйымдылығы 32,5 мың орынға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз