Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Мейірман Шекеев депутаттыққа неге барғысы келетінін түсіндірді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 2, 2026, 4:05 Т.Қ.

Танымал заңгер Мейірман Шекеев Qazaq Ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол-көлік оқиғасы, депутаттыққа көзқарасы, полиция қызметкерлерінің жалақысы және өзге де өзекті мәселелер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Заңгердің айтуынша, үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша сот үкімі көпшіліктің көңілінен шықпауы мүмкін. Оның сөзінше, күдікті мас күйде көлік жүргізгенімен, іс қолданыстағы заңнама аясында қаралады және жаза заңда көзделген шектен аса алмайды.

Сондай-ақ Мейірман Шекеев полиция мен тергеушілердің жалақысын көтеру қажеттігін атап өтіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту құқық қорғау жүйесінің тиімділігіне оң әсер ететінін айтты.

Сұхбат барысында заңгер депутат болуға не үшін қызығушылық танытатынын түсіндіріп, ақын Мұхтар Шаханов есімін көше атауына беру мәселесіне де тоқталды.

Бұдан бөлек, ол блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан ісіне қатысты пікірін білдіріп, қоғамда қызу талқыланып жатқан бірқатар мәселеге құқықтық баға берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз