Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026 г.

$ 447.65
513.32
5.32
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      18°C
Ру

Алматыда LRT рельстерін төсеу басталды

Фото көзі: : Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ZontNews.kz
Қыр. 21, 2026, 4:34 Т.Қ.

Алматыда жеңіл рельсті көлік желісінің рельстерін төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT желісінің бірінші бағытын салудың жаңа кезеңі қолға алынды. Дайындалған учаскеде темірбетонды шпалдар мен рельстер төселіп жатыр. Жұмыстар жер қазу және инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру шаралары аяқталған сайын кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы 4,4 шақырымды құрайды. Екі жолақты желі құрылысы аясында 14 784 темірбетонды шпал мен 1 408 рельс төсеу жоспарланған.

Жобаның бірінші кезеңіне кіретін өзге учаскелерде, соның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар жалғасып жатыр. Бағыт бойындағы инженерлік желілер технологиялық талаптарға сәйкес біртіндеп қайта орналастырылуда.

LRT бірінші желісінің алғашқы кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан деподан басталып, Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелері, Абылай хан даңғылы арқылы «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін созылады. Бағыттың соңғы нүктесі «Райымбек батыр» көлік ауыстыру торабы болады.

Алматыдағы LRT желісінің алғашқы кезеңін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз