Домбыраға тіл тигізу ісі
Ақтөбеде ұлттық аспап – домбыраға тіл тигізіп, әлеуметтік желіде діни араздыққа түрткі болған 35 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға Ақтөбеде қаралған. Сот мәліметінше, айыпталушы өткен айда TikTok желісінде тікелей эфир жүргізіп, қазақтың қасиетті аспабы – домбыраны қорлап, оны «ұлтқа жат әрі харам дүние» деп атаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлеріне қатысты ауыр балағат сөздер айтып, оларды қорлайтын сипаттағы пікір білдірген.
Тергеу барысында оның әрекеттерінде діни алауыздықты қоздыру және азаматтардың ар-намысына қол сұғу белгілері бары анықталған. Сараптама қорытындылары да осы тұжырымды растаған.
Сот талқылауы кезінде 35 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұраған.
Қорғау мен айыптау тараптарының дәлелдерін қараған сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз