Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Сарапшы пікірі: Нұрлан Сабуров ісі – қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін бе?

Фото көзі: Фото: Orda.kz
ZontNews.kz
Ақп. 12, 2026, 2:26 Т.Қ.
0
34

Жақында ғана Нұрлан Сабуровтың Ресейге 50 жылға кіре алмайтыны туралы ақпарат қоғамда кең талқыланды. Кейін оның Мәскеуден Алматыға ұшып келіп, журналистердің сұрағына жауап бермей кеткені белгілі болды. Уақыт өте келе БАҚ-та әзілкештің былтыр жазда Ресей әскеріне 10 мотоцикл сыйлап, 2 млн рубль аударғаны туралы мәлімет тарады.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарды қаржыландыру ауыр қылмыс саналады. Осыған байланысты Orda.kz тілшісі заңгер Абзал Қасымжановтан құқықтық баға сұрағанын ZontNews.kz хабарлайды.

Абзал Қасымжановтың айтуынша, егер бұл деректер расталса, әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 170-бабы («Жалдамалы әскер») және 258-бабы (терроризмді немесе экстремизмді қаржыландыру) бойынша саралануы мүмкін.

«Жалдамалы әскерге қатысты бапта оны қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету немесе қарулы қақтығысқа пайдалану қылмыс болып есептеледі. Егер іс осы бап бойынша дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген», – дейді заңгер.

Сондай-ақ ол 258-бапқа сәйкес, террористік немесе экстремистік ұйымдарға қаржылай не өзге де көмек көрсету 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен бірге сарапшы нақты құқықтық баға тергеу барысында жиналған дәлелдерге байланысты берілетінін, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайтынын ескертті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз