Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -22°C
Ру

«Қайрат» – «Брюгге»: Алматылық клуб өз алаңында бельгиялық клубтан ірі есеппен жеңілді

Фото көзі: «Қайрат» ФК
Қаһар Бинахметов
Қаң. 21, 2026, 10:25 Т.Ж.
0
20

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы Қазақстандағы соңғы матчын өткізді. «Астана Аренада» Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы өткен жетінші тур кездесуі 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бельгиялық клуб алғашқы таймда-ақ басымдыққа ие болды. 32 минутта сербиялық легионер Александар Станкович есеп ашса, араға алты минут салып команда капитаны Ханс Ванакен есепті еселеді. Екінші таймда «Брюгге» сапынан Ромео Верман мен Брэндон Мехеле мергендік танытып, жеңісті бекіте түсті.

Алматылық ұжымның жалғыз жауап голы негізгі уақытқа қосылған минуттарда соғылды. 92 минутта жартылай қорғаушы Әділет Садыбеков бағанадан қайтқан допты қарсылас қақпасына дәл бағыттады.

Бұл сәтсіздік «Қайрат» үшін еурокубоктық додадағы қатарынан төртінші жеңіліс болды. Жеті турдың қорытындысы бойынша алматылық клуб бір ұпаймен турнирлік кестенің соңғы, 36-шы сатысына тұрақтады.

«Қайрат» биылғы еурокубок науқанындағы қорытынды ойынын 29 қаңтарда өткізеді. Қазақстан чемпионы Лондонда ағылшынның «Арсенал» клубына қонаққа барады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады