Канье Уэст концертіне байланысты Алматыда көшелер жабылады
14 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэсттің (YE) концерті өтеді. Осыған байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Әкімдік мәліметінше, сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңындағы Абай даңғылы, Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінде қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі.
Қауіпсіздік қызметтерінің шешіміне байланысты кейбір жол учаскелері бұдан ертерек жабылуы мүмкін. Оқиға орнында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, жол қозғалысын реттейді.
Концерт күні қоғамдық көлік пен метро жұмысы күшейтіледі. «Байқоңыр» метро станциясы сағат 21:00-де жабылады. Көрермендерге «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» станцияларын пайдалану ұсынылады.
Метро жұмысы кемінде 01:00-ге дейін, қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылуы мүмкін.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес берді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз