Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    27°C
    • Астана
      22°C
Ру

PSG Academy Қазақстанда алғаш рет ашылды

Фото көзі: : PSG Academy Kazakhstan
ZontNews.kz
Там. 5, 2026, 11:20 Т.Ж.

Paris Saint-Germain клубы Қазақстандағы алғашқы PSG Academy академиясын ашты, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Астанада орналасқан академия кәсіпкер Алмаз Әлсеновтің бастамасымен іске қосылды. Алғашқы маусымда, 2026 жылдың қыркүйегінен бастап, мұнда 6-14 жас аралығындағы 300-ге дейінгі бала қабылданады.

Осылайша Қазақстан PSG Academy халықаралық желісіне қосылған 24-ел атанды. Академияда жаттығулар Paris Saint-Germain клубының ресми әдістемесі бойынша өткізіліп, техникалық шеберлік, ойын тактикасы, тәртіп пен командалық жұмысқа басымдық беріледі.

Алғашқы оқу-жаттығу орталығы FIFA стандартына сай Air Arena спорт кешенінде жұмыс істейді. Болашақта академия бағдарламасын Қазақстанның өзге өңірлеріне де кеңейту жоспарланып отыр.

PSG Academy Kazakhstan жобасының негізін қалаушы Алмаз Әлсеновтің айтуынша, академияның мақсаты – қазақстандық жас футболшыларға әлемдік деңгейдегі дайындыққа қол жеткізуге мүмкіндік беру және еліміздегі жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу.

Қазір PSG Academy әлемнің 24 елінде 200-ден астам оқу-жаттығу орталығын біріктіріп, жыл сайын 50 мыңнан астам жас футболшыны даярлайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз