Қайрат Боранбаев Лондонда Дастан Сәтпаевпен кездесті
«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Лондондағы «Челси» клубының оқу-жаттығу базасына барып, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевпен кездесті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Боранбаевтың айтуынша, 17 жастағы футболшы жаңа ортаға сәтті бейімделіп, мансабының жаңа кезеңіне толық дайындалып жатыр. Оның сөзінше, Қазақстан чемпионаты аяқталмай тұрып Англияға аттануы Сәтпаевтың жақсы физикалық формада келуіне мүмкіндік берген.
Сондай-ақ Боранбаев Дастанның жетістігі қазақстандық жас футболшыларға үлкен мотивация болатынын айтып, алдағы уақытта әлемнің жетекші клубтарына жол тартатын отандық ойыншылар көбейетініне сенім білдірді.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Қайраттан» «Челсиге» 4 миллион еуроға ауысып, Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфердің авторы атанды. Ол Лондон клубына ресми түрде 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында қосылады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз