Қарағанды облысында 300 млн теңгенің жымқырылуы тергеліп жатыр
Қарағанды облысында «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген 300 млн теңгенің жымқырылуы мүмкін деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, 2025 жылғы мамырда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы «Рашан» ЖШС-мен қарыз шартын жасасқан. Компания айналым қаражатын толықтыру үшін 300 млн теңге алған. Шарт бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепіл болған.
Тергеу дерегіне сәйкес, қаражат кейін егіс науқанына жұмсалған шығын ретінде көрсетіліп, екі компания арасында бөлінген.
Оның 148 млн теңгесі тұқым сатып алуға, ал 152 млн теңгесі ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, жанар-жағармай мен еңбекақы төлеуге аударылған.
Алайда ҚМА мәліметінше, іс жүзінде тұқым сатып алынбаған, техника жалға берілмеген және көрсетілген жер телімдерінде егіс жұмыстары жүргізілмеген.
«Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Сот санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынған.
Тергеу жалғасып жатыр. Істің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне байланысты жарияланбады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз