Отбасылық дау өліммен аяқталды
Алматы қаласында 34 жастағы ер адам өгей әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға Алмалы ауданындағы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 7 шілде күні таңғы сағат 03:00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін сақтап қала алмады. Ол көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмған.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – марқұмның 34 жастағы өгей ұлы. Тергеу нұсқасына сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесіне ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Жанжал марқұм мен күдіктінің анасы арасындағы келіспеушіліктен кейін туындаған.
Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз