Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    19°C
    • Астана
      22°C
Ру

Ақтөбеде «тарының астанасы» атты гастрофестиваль өтеді

Фото көзі: : Ақтөбе қаласының әкімдігі
ZontNews.kz
Сәуір 30, 2026, 6 Т.Қ.
0
10

Ақтөбе қаласында 24 мамыр күні «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдік. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.

Шара Астана саябағы (Ақтөбе) аумағында өтеді. Фестиваль таңғы 11:00-де басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.

Іс-шара барысында келушілерге тарыдан дайындалған 50-ден астам тағам түрі ұсынылады. Сонымен қатар ұлттық ас мәзірі жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары және қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.

Ойыл ауданының шеберлері тары өңдеудің көне тәсілдерін көрсетсе, қолөнершілер тері, киіз, ағаш және зергерлік бұйымдарын таныстырады.

Фестиваль аясында «Әнім сенсің – Ақтөбе» этношарасы да өтеді. Сондай-ақ тары өсіру дәстүрін дамыту және өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша ашық дөңгелек үстел жоспарланған.

Шараға кіру тегін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз