Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

«Алматы жастары» бағдарламасына кімдер өтті?

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 29, 2026, 6 Т.Қ.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қарау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Бағдарламаға қатысу үшін 1–15 маусым аралығында kezekte.kz порталы арқылы 5 363 өтінім қабылданған. Құжаттарды тексеру нәтижесінде 3 968 өтінім мақұлданды.

Басқарманың мәліметінше, кейбір үміткерлер өтінім беру кезінде қызмет саласын қате көрсеткен. Алайда бұл техникалық қателік ретінде бағаланып, олардың бағдарламаға қатысуына әсер етпеген.

Биыл бағдарлама аясында кемінде 1 650 тұрғын үй несиесін беру жоспарланған. Осы санатқа енген қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін «Отбасы банк» АҚ-на жолдама алады. Кезектің алдын алу мақсатында жолдамалар апта сайын кезең-кезеңімен, әр кезеңде 550 қатысушыға жолданады.

Төлем қабілеттілігі расталғаннан кейін қатысушыларға 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама тұрғын үй нарығынан баспана таңдап, 20 миллион теңгеге дейінгі тұрғын үй несиесін рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар 1 395 өтініш берушінің құжаттары бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген. Негізгі себептер қатарында үміткердің жеке меншігінде тұрғын үйдің болуы, соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруы немесе соңғы алты айда міндетті зейнетақы жарналарының аударылмауы көрсетілген.

Егер мақұлданған қатысушылардың бір бөлігі төлем қабілеттілігін растай алмаса немесе белгіленген мерзімде баспана таңдамаса, олардың орнына оң қорытынды алған келесі үміткерлер шақырылады.

Өтінімі мақұлданған және қабылданбаған қатысушылардың тізімі kezekte.kz порталындағы ALMATY JASTARY сервисінің «Тұрғын үй қызметтері» бөлімінде жарияланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз