Жетісуда Сиверс алмасының гүлдеу фестивалі өтеді
2 мамыр күні Жетісу облысы аумағында “Сиверс алмасының гүлдеуі” халықаралық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, нақтырақ айтқанда Тополевка ауылы маңында өтеді. Фестиваль сағат 11:00-де басталады.
Бағдарлама аясында Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан және Түркиядан келген қылқалам шеберлерінің көрмесі өтеді. Сонымен бірге этноауылда қолөнер көрмелері, ұлттық ойындар мен шеберлер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Шара барысында белгілі өнерпаздар Қуандық Рахым мен Баян Сұлу сахнаға шығады. Ал Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Сергей Цырульников арнайы бағдарлама ұсынады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сиверс алмасы – қазіргі мәдени алма сорттарының арғы тегі. Оның гүлдеу кезеңінде тау бөктері ерекше ақ-қызғылт түске еніп, табиғи көрініс экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз