Шымкенттегі жұмбақ өлім: бір үйден төрт адам мерт болды
Шымкентте Студенттік қалашықта бір тұрғын үйдің үш пәтерінен төрт адам мерт күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға газдан улану салдарынан болған, деп хабарлайды ZontNews.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Көршілердің айтуынша, бірінші пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы басқа пәтерде 23 жастағы жігіттің, ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыздың мәйіті анықталған.
Көршілер бұған дейін газдың иісіне шағымданғанын айтқанымен, әзірге газ қызметінен ресми түсініктеме алынған жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу мәліметі бойынша, оқиға орнындағы алғашқы мәйітті пәтер иесі сағат 12 шамасында тапқан. Ол жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көріп, есікті ашқан кезде қыздың шомылып жатып қайтыс болғанын анықтаған. Содан кейін пәтерге учаскелік полиция қызметкері шақырылған. Құтқарушылар басқа пәтерлердің есігін бұзып, қалған мәйіттерді тапқан.
Полиция қылмыстық іс шеңберінде оқиғаның толық себебін анықтап жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз