Полицейдің өртенген денесі табылды: жақындары күдікке ілінді
Алматы облысының Кеген ауданында Алматы қаласының 37 жастағы полиция қызметкерінің күйген мәйіті табылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам өлтіріліп, кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында денесі өртелген, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Марқұмның жеке басы анықталып, оның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Аслан Әлсеров екені белгілі болды. Мәйіт Кеген асуы маңындағы таулы аймақтан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның қолында арқанның күйген қалдықтары болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейін ауырлататын мән-жайлармен жасалған кісі өлтіру бабына қайта сараланды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың қатарында марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, қылмыс Алматы қаласында жасалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз