Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      4°C
Ру

Атырауда трансгендерлермен байланысты АИТВ жұқтыру дерегі

Фото көзі: Фото: Видео кадры
ZontNews.kz
Ақп. 24, 2026, 12:24 Т.Қ.
0
16

Атырау облысында өзінде АИТВ бар екенін біле тұра басқа адамға жұқтыру дерегі бойынша екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ZontNews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған. Олар 2025 жылғы желтоқсаннан бастап транс тұлға ретінде ақылы интим қызмет көрсетіп келген.

Полицияның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізіп, күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, жәбірленушілер анықталуда.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, өзінде ауру бар екенін біле тұра басқа адамға АИТВ жұқтыру 5–10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Полиция кінәлілердің заң алдында толық жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз