Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Ақмола облысында бір тәулікте суда үш адам қаза тапты

Фото көзі: : magnific.com
ZontNews.kz
Шілде 21, 2026, 11:35 Т.Ж.

Ақмола облысында бір тәулік ішінде суда болған төрт қайғылы оқиға тіркеліп, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бір азамат ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Целиноград ауданында шомылуға тыйым салынған Нұра–Есіл суару каналында 2015 жылы туған бала суға батып кеткен. Атбасар ауданында Есіл өзенін жүзіп өтпек болған бес адамның бірі – 2008 жылы туған жасөспірім де суға кеткен.

Ақкөл ауданында мотоциклмен келе жатқан ер адам Талқара өзеніне батып көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ал Аршалы ауданында 23 жастағы ер адам демалыс орнындағы таяз бассейнге секіріп, ауыр жарақат алған. Ол Астанадағы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Осыған байланысты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тыйым салынған жерлерде шомылмауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз