Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

ШҚО полициясы робот-иттерді алғаш рет пайдаланды

Фото көзі: : Polisia. kz
ZontNews.kz
Қыр. 14, 2026, 10:20 Т.Ж.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы бұқаралық іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті бақылауға алғаш рет робот-иттерді жұмылдырды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Жаңа технология Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ұйымдастырылған «Nomad Álemi» заманауи көшпенділер мәдениеті фестивалінде сынақтан өтті.

Роботтар белгіленген аумақты өздігінен патрульдеп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізеді. Сондай-ақ түсірілген жазбаларды талдап, адамның бет-жүзін тани алады. Барлық ақпарат нақты уақыт режимінде полицияның Жедел басқару орталығына жолданады.

Құрылғылар жарық сигналдарымен және дауыстық ескерту жасауға мүмкіндік беретін дауыс зорайтқыштармен жабдықталған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, робот-иттер тәртіп сақшыларының дәстүрлі патрульдеу жұмысын толықтырып, қауіпсіздікті күшейтуге және түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге көмектеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз