Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      14°C
Ру

Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек?

Фото көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Zontnews.kz
Қыр. 17, 2026, 3:41 Т.Қ.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлейді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік төлемдерді 1 млн 64 мың адам алды. Оларға жалпы 527 млрд теңгеге жуық қаражат төленді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің алты түрі бойынша төлем қарастырады. Олар: еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыстан айырылу, жүктілік пен босануға байланысты табыстан айырылу, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуға байланысты табыстан айырылу, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айырылу.

Әр әлеуметтік төлемнің өзіндік талаптары бар. Төлемдер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес тағайындалады.

Азаматтарға әлеуметтік төлем рәсімдеу үшін делдал іздеп, ақша төлеудің қажеті жоқ. Қажетті ақпаратты ресми мемлекеттік ресурстардан тексеріп, төлемді белгіленген тәртіппен өз бетінше рәсімдеуге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз