Маңғыстаулық Құран жарысында көлік ұтты
Ақтөбеде өткен республикалық Құран жарысында маңғыстаулық Рахымжан Ержанұлы жеңімпаз атанып, жаңа автокөлік иеленді. Байқауға еліміздің әр өңірінен 80-ге жуық төрт көз қатысты, деп хабарлайды ZontNews.kz. ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық байқау екі күнге созылды.
Марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран жолында еңбек еткен әрбір шәкіртті, ата-ананы және ұстазды жеңімпаз деп бағалады.
Бас жүлдені иеленген Рахымжан Ержанұлына жаңа автокөлік табысталды. Екінші орын алған Ұлытау облысының өкілі Ахмад Махмадраджабұлы бес миллион теңге иеленді. Қызылордалық Нұртілеу Серікұлына үшінші орын мен төрт миллион теңге берілді.
Төртінші орын және екі миллион теңге ақтөбелік Бекзат Дулатұлына бұйырды. Бесінші орын алған қарағандылық Мансұрхан Сарварханұлы 1,5 миллион теңгемен марапатталды.
Құранды мәнерлеп оқу, сондай-ақ 20 және 10 параны жатқа айту аталымдарының қатысушыларына да ақшалай жүлделер берілді.
Байқаудың ең жас қатысушылары – тоғыз жастағы Ахмет Нұрланұлы мен Әбділәзиз Әбдулбасит «Көрермен көзайымы» атанып, әрқайсысы 300 мың теңгеден алды. Жарыстың өтуіне меценат Бахаридин Аблазимов қолдау көрсетті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз