Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Өскемендегі жас хоккейшінің өлімі: облыстық сот үкімді күшейтті

Фото көзі: ашық дереккөздерден
Қаһар Бинахметов
Жел. 10, 2025, 12:55 Т.Қ.
0
10

Өскеменде жас хоккейшінің өліміне қатысты іс қайта қаралды. Өткен жылдың тамызында «Торпедо» клубының ойыншылары арасында жанжал шығып, 19 жастағы Иван Пыленка құлап, басынан жарақат алған. Ол ауруханаға жетпей жолда көз жұмған, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Алғашқы инстанция соты Андрей Логуновты «абайсызда өлімге себепкер болды» деп танып, 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Кейін ол Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа іліккен.

Бүгін ШҚО облыстық соты үкімді қайта қарап, Логуновты кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Жәбірленуші тараптың азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Үкім сот залындағы жұрт үшін тосын болды. Логуновтың жары мен кішкентай баласы бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз