Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      22°C
Ру

ІІМ: Даулы уағызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото көзі: : Видеодан скрин
ZontNews.kz
Там. 5, 2026, 2:15 Т.Қ.

Түркістан облысында өткен тойда әнді харам деп, әншілерді «шайтанның азаншысы» деген 66 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ZontNews.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ер адамның діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталған.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады министрлік.

ІІМ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған кез келген жария мәлімдемеге заң аясында құқықтық баға берілетінін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін әнші Роза Әлқожа тойда сөз сөйлеген қонақтың әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атағанын айтып, бұл әрекетті сынға алған болатын.

Кейін Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамда мәдениет пен дінді бір-біріне қарсы қоюға және әсіредіншілдікке жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай сөздердің ислам құндылықтарына қайшы екенін атап өтіп, өнер адамдарына ауыр айып тағу мен адамдардың ар-намысына тіл тигізуді құптамайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз