Қазақстанда білім гранттарына 127 мыңнан астам өтінім түсті
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім қабылданды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия талапкерлердің өтініштерін қарады. Енді гранттар ҰБТ нәтижелері мен қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық негізде бөлінеді.
Талапкерлер ең көп таңдаған бағыттар – педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Биыл аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және мұғалім мамандықтарына грантқа талас жоғары болады.
Конкурс қорытындысы 10 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, министрліктің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз