Рақымшылықпен 620 адам түрмеден босатылды
Қазақстанда рақымшылық аясында бүгінге дейін 620 адам түрмеден босатылды. Бұл туралы ZontNews.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, соттарға рақымшылық жасау туралы 10 мыңға жуық материал жолданған. Оның ішінде 4 400 ұсынысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6 900-ден астамын пробациялық қызметтер дайындаған.
Қазірдің өзінде соттар мыңнан астам материалды қарап, нәтижесінде 620 адам түзеу мекемелерінен босатылды.
Сонымен қатар пробациялық қызметтердің ұсыныстары негізінде 724 адам жазадан толық босатылып, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
ІІМ мәліметінше, рақымшылықпен босатылған азаматтардың барлығы әкімшілік бақылауға алынады. Ведомство әрбір істің жеке қаралатынын, ал рақымшылықты қолдану туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз