Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

Қазақстанда бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады

Фото көзі: Фото: Ақорда
ZontNews.kz
Там. 5, 2026, 4:25 Т.Қ.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1–4 сынып оқушылары үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жүргізілген талдау БЖБ мен ТЖБ оқушылардың білім жетістігін толық көрсете алмайтынын және балаларға қосымша оқу мен эмоциялық жүктеме түсіретінін көрсеткен.

Енді олардың орнына диктант, мазмұндама, бақылау, практикалық және шығармашылық жұмыстар арқылы бағалау жүргізіледі.

Сонымен қатар министрлік мектеп оқулықтарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Сараптама барысында 700-ден астам қате мен ескерту анықталған.

Жаңартылған 3 және 7-сынып оқулықтарын 2026 жылғы 30 тамызға дейін жеткізу жоспарланған. Ал 4 және 9-сынып оқулықтары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8-сынып оқулықтары 2027 жылғы 1 сәуірге дейін кезең-кезеңімен жаңартылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз