Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Семейде табылған сүйектерге қатысты жаңа дерек

Фото көзі: : Видеодан скриншот
ZontNews.kz
Там. 5, 2026, 12:27 Т.Қ.

Семейде сегіз жыл бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның отбасы құрылыс алаңынан табылған адам сүйектері оған тиесілі болуы мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ZontNews.kz. КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдын Нұриденұлы 2018 жылы жоғалып кеткен. Жақындарының айтуынша, ол сол кездегі «Пищевик» стадионында күзетші болып жұмыс істеп, бір күні жұмыстан үйіне оралмаған.

Жақында дәл осы стадионның орнында салынып жатқан Жекпе-жек сарайының құрылыс алаңынан адам сүйектері табылған. Мұны естіген отбасы бірден олардың жоғалған туысына тиесілі болуы мүмкін деген күдікке келген.

«Сүйектер табылғанын естіген соң, олардың жоғалған әкемдікі болуы мүмкін деп ойладық. Бізге сүйектердің сарғайып кеткенін айтып, оның сүйегі болуы екіталай екенін жеткізді. Бірақ нақты жауабын сараптама береді», – деді Айдын Нұриденұлының қызы Меруерт Нұриденова.

Сүйектерді құрылысшылар шамамен бір ай бұрын іргетасқа арналған шұңқыр қазу кезінде тапқан. Осыдан кейін құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

Семей қалалық полициясының мәліметінше, табылған сүйектердің шығу тегі мен жерленген уақытын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар жергілікті билік құрылыс басталар алдында жер теліміне барлық қажетті рұқсат құжаттары рәсімделгенін, алайда құжаттарда бұл аумақта жерлеу орындарының болғаны туралы мәлімет болмағанын айтты.

Қазір кейбір мамандар стадион орналасқан аумақ бұрын ескі қалалық зират болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Құқық қорғау органдарының тексеруі аяқталғанға дейін құрылыс алаңы жабылып, жаңа спорт нысанының құрылысы белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз