Алматыда күйік шалған балалар жаңа әдіспен емделеді
Түркиялық дәрігерлер Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығына күйік шалған балаларды емдеуге арналған заманауи медициналық жабдық тарту еттіі, деп хабарлайды ZontNews.kz. Хабар агенттігіне сілтеме жасап.
Мамандар алматылық хирургтармен бірге бес күн бойы бірлескен операциялар өткізіп, терең күйіктерді емдеу, тері пластикасы және реконструктивті хирургия бойынша тәжірибе алмасады.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жабдық операциялардың тиімділігін арттырып, оңалту мерзімін қысқартуға және косметикалық нәтижені жақсартуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері орталыққа күйік шалған екі мыңға жуық бала жеткізілген. Олардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылып, ота жасалған. Көп жағдайда балалар ыстық затқа күйіп қалған.
Түркиялық мамандар күйік жарақаты тек денеге ғана емес, баланың психологиялық жағдайына да кері әсер ететінін атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз