Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      23°C
Ру

Павлодар облысында қатты жел 12 үйдің шатырын ұшырып кетті

Фото көзі: : my_ekibastuz
ZontNews.kz
Шілде 22, 2026, 10:25 Т.Ж.

Павлодар облысының Успен ауданында қатты жел салдарынан 12 жеке тұрғын үй мен Мәдениет үйінің шатыры зақымданды, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 21 шілдеде сағат 15:55 шамасында Конырозек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр желілерінің жеті бағанасы бүлінген. Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған аудандық электр желілері қызметінің 10 маманы мен үш техникасы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Конырозек ауылында қатты желдің әсерінен 12 жеке тұрғын үйдің және ауылдық Мәдениет үйінің шатырлары жұлынып кеткен. Зақым көлемі анықталып жатыр.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз