Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Тойда бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға үкім шықты

Фото көзі: Видеодан кадр
Қаһар Бинахметов
Жел. 9, 2025, 9:16 Т.Ж.
0
11

Түркістан облысында тойханада бұрынғы келінін ұрған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Төле би аудандық сотында оған «Бұзақылық» бабы бойынша тағылған айып қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 31 тамызы күні «Зағамбар» мейрамханасында өткен тойда ер адам ән орындап тұрған Азода Толавнаны ұрған. Сараптама оның мойны, білегі мен кеуде тұсында жеңіл көгерулер анықталғанын көрсетті.

Прокурор айыпталушыға бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші бұл ұстанымды қолдап, 700 мың теңге материалдық шығын мен 10 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті.

Сот ер адамға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен бірге 800 мың теңге моральдық шығын және 700 мың теңге өкілдік шығындарды өтеу міндеттелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз