Еуростат, Люксембург, жалақы
Еуростат 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мәліметті жариялады. Оған сәйкес, Еуропадағы ең төменгі жалақы мөлшері бойынша Люксембург көш бастап тұр. Бұл елде ең төменгі айлық табыс 2 771 еуроны құрайдыі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алғашқы бестікке сондай-ақ Ирландия (2 391 еуро), Германия (2 343 еуро), Нидерланд (2 338 еуро) және Бельгия (2 234 еуро) енді. Францияда бұл көрсеткіш 1 867 еуро болды.
Еуроодақ елдері арасында ең төменгі ең төменгі жалақы Болгарияда – 620 еуро. Ал ЕО-ға кандидат мемлекеттерді қоса есептегенде, ең төменгі көрсеткіш Украинада тіркелген – 169 еуро. Одан кейін Молдова (313 еуро) тұр.
Еуростаттың дерегінше, зерттелген 29 елдің тек бесеуінде ең төменгі жалақы 2 мың еуродан жоғары. Ал 15 елде бұл көрсеткіш 1 мың еуроға да жетпейді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз